Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Химиялық калейдоскоп» турнирі өтті

13 сәуірде химия кафедрасы жыл сайын ұйымдастыратын облыс пен қала мектептері оқушылары арасындағы «Химиялық калейдоскоп» турнирі өтті.

Турнирге биыл облыс және қала мектептері арасынан 6 мектеп командалары өтінім жасады. Олар: Өскемен қаласынан Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі, М.Шаяхметов атындағы № 23 ОМ, Жезкент мектеп-лицейі, З.Ахметов атындағы №16 ОМ, Үржар ауданы Қарабұлақ мектеп-бақшасы.

Турнир барысында мектеп оқушылары химиядан теориялық білімдері мен тәжірибелік біліктіліктерін ғана сынап қоймай өздерінің дарындары мен өнерлерін де белсенді түрде көрсетті. Екі сағаттан астам уақытқа созылған «Химиялық калейдоскоп» турнирінде химиялық сұрақтарға жауап алынып, зерттеу тәжірибелер нәтижесі анықталып, ән айтылып би биленді, әзіл айтылып, көріністер сахналанды.

Байқау қорытындысы бойынша білімімен де өнерлерімен де ерекшеленген Үржар ауданы Қарабұлақ мектеп-бақшасының «Атомдар» командасы жеңімпаз атанып, Шамалы ұпай айырмашылығымен екінші орынға Дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. Шығыс Қазақстан облыстық мамандан дырылған мектеп-гимназия-интернатының «Қышқылдар» командасы және О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің «Acids» командасы орналасса, үшінші орынды М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебінің «Алхимик» және Жезкент мектеп лицейінің «Аскорбинка» командалары бөлісті. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен командаларды жарысқа дайындаған жетекшілері де алғыс хаттармен марапатталып. Сонымен қатар «Үздік теоретик» номинациясын Үржар ауданы Қарабұлақ мектеп-бақшасының «Атомдар» командасының капитаны Айтқалиев Диас, «Үздік практик» номинациясын О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің «Acids» командасының мүшелері Көшкенова Айназ Қайырлина Айым ие болды.

Ыстық ықыласпен ұйымдастырылған шынайы бәйге өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары да, химия пәні мұғалімдері де назардан тыс қалмады.

Сән Оразова

Химия кафедрасының аға оқытушысы

Қазақ
× You found a Typo