Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) IAAR Аккредиттеу кеңесінің отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 16 білім беру бағдарламасы аккредиттелгенін хабарлады.
Білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған бастауыш аккредиттеуінде жоғары оқу орнымыздың 16 білім беру бағдарламасы бар. Олар – химия-биология, география-тарих, математика-физика, физика-информатика, мемлекеттік аудит, аңшылықтану және аң шаруашылығы, саясаттану, философия, экономика, қызық тілі мен әдебиеті, информатика, математика, химия, тарих, шет тілі: екі шет тілі, өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
Білім беру бағдарламалары 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
Баспасөз қызметі