- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Сибины» оқу-өндірістік негізінде 2-4 курс студенттерінің ІІ Жастар көшбасшылық тіл мектебіндегі оқулары аяқталды.
Тамыз айының 22-сі мен 26-сы аралығында «Сибины» оқу-өндірістік негізінде ШҚМУ студенттері үшін ІІ Жастар көшбасшылық тіл мектебіндегі оқулары өтті. Аталған мектеп бағдарламасында ағылшын тілін меңгеру, көшбасшылық тренингтер, спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Мектептегі сабақтар үш тілде жүргізілді. Тапсырмалар шығармашылық және қызықты, мақал-мәтелдермен, жаңылтпаштармен, өлеңдермен байланыстырылды.
Мектепті ұйымдастырушылар халықаралық байланыс бөлімі мен тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімі.
Мектептің құрметті қонақтары Пусан ұлттық университетінің профессоры (Оңтүстік корея) Sang-Mae Lee мырза және PHD докторы Аяулым Тұрғамбаева.
Оқу қорытындысы бойынша суденттерге сертификаттар табысталды.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім