Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Іле педагогикалық институтындағы (ҚХР) тағылымдама

Біз, жаратылыстану ғылымдары және технология факультеті Химия мамандығы 1-ші оқу жылының магистранттары, 26.05.2016 ж-04.06.2016 ж аралығында ҚХР, Инин (Құлжа) қаласы, Іле педагогикалық институтында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өттік.

15 мыңнан астам студенті бар Іле педагогикалық институты - Құлжа қаласындағы алдыңғы қатарлы жоғары оқу орны. Ол 1948 жылы құрылып, қазіргі таңда жалпы 11 факультеті бар. Бакалавриатта 34 мамандық, ал кәсіби бағытта 12 мамандық қарастырылған.

Химия және биология факультетінде 5 кафедра бар, олар: органикалық химия және педагогикалық химия; қолданбалы химия; бейорганикалық химия және заттар анализі химиясы; физикалық химия және материал химиясы; қоршаған орта химиясы.

Химия мамандығы бойынша факультетте 40 адам жұмыс істейді, 770-ке жуық студент, 20 магистрант бар. Факультеттің қалыптасқан жүйесі бойынша, 2 ғимараты бар: оқу және зертханалық.

Зертханалық ғимарат 4 қабаттан тұрады, онда физикалық химия, органикалық химия, атомдық-абсорбциялық спектроскопия, бейорганикалық химия, қоршаған орта, биология және т.б. пәндерге арналған тәжірибелік кабинеттер бар, ондағы химиялық аспаптар Жапония мен Германияда құрастырылған. Сонымен қоса заманауи инновациялық технологиялар негізінде жабдықталған жаңа зертханалық жұмыстарға арналған ғимарат салынуда.

Бұл тағылымдама негізінде зертханалық жұмыстардың, дәрістердің жүру барысымен, материалды-техникалық базамен, жалпы институттың білім беру жүйесімен, қала тарихы және мәдениетімен танысып, әрбір магистранттың диссертация тақырыбы бойынша теориялық мағлұмат іздестіріп, өзімізге мол тәжірибе жинап қайттық.

«Химия» мамандығының магистранттары

Қазақ
× You found a Typo