Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«I'm smart» интеллектуалдық сайысы өтті

Физика және технологиялар кафедрасында «Creative science» клубының ұйымдастыруымен «I'm smart» интеллектуалдық сайысы өтті.

Мақсаты студентердің ұйымшылдығын, білім-ғылымға қызығушылығын артыру болған сайысқа «Физика», «Ядролық физика», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», «Кәсіптік оқыту», «Физика-Ииформатика» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты. Кафедраның аға оқытушылары Гүлжанат Бақтығалиқызы, Әсем Базарқызы, «Creative science» клубының жетекшісі Зұлқаршын Парасат төрелік етті.

«Таныстыру», «Бәйге», «Сыйқырлы ұяшық», «Кім жылдам?» кезеңдерінде студенттер өз білімдерін ортаға салды. Сайыс барысында интеллектуалдық әрі қызықты сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» студенттері І, «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» студенттері ІІ, «Физика» студенттері ІІІ орын иеленіп, сыйлықтар алды. Қалған мамандықтар алғыс хаттармен марапатталды.

Физика және технологиялар кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo