- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Университеттің «Имидж ВКГУ» газетінің жаңа №3 наурыз айының газеті шықты.
Жаңа нөмірде университет тынысы туралы жаңалықтар, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә.У. Қуандықовтың «Smart-университет: новые возможности» атты мақаласы, экономика және құқық факультетінің 25 жылдығына арналған 8 бет орналасқан.
Сонымен қатар, дәстүрлі түрде шығып тұратын университеттің 65 жылдығына арналған «ШҚМУ - 65 жыл» беті бар. Сондай-ақ, «ШҚМУ Аруы – 2017» және «ШҚМУ Жоғарғы колледжі Аруы – 2017» байқауларының қорытындылары, «Наша Ускамаша» ролигінің түсірілімі туралы ақпарат бар.
Газетті баспасөз қызметінен алуға болады (№253 кабинет, 2 қабат, №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардияшылар дивизиясы, 34).
Баспасөз қызметі