2018 жылдың 31 мамырында университет пен колледждің тілдік емес мамандықтарында оқитын студенттерінің қатысуымен өткен «Improve your English» жазғы тіл мектебінің салтанатты жабылуы өтті.
Екі апталық қарқынды ағылшын тілі курстарымен қоса, студенттер өздерінің қорытынды жобаларын- әлем халықтарының әдет-ғұрпы мен салт дәстүрлерін, тағамдарын ағылшын тілінде таныстыруға дайындалды.Олар Шотландия, Үндістан, Мексика,Украина, Бельгия және Корея халықтарының әндері мен билерін көрермендер назарына ұсынды.
Сонымен қатар, әр топқа берілген шығармашылық тапсырмалар –әндер, рэп, екі аптадағы жинаған тәжірибелері туралы жаңалықтар блогы -қатысушылардың өнерлері мен қабілеттерінің жан-жақтылығын көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.
Салтанат соңында университеттің оқу-әдістеме жұмысы жөніндегі проректоры А.Б.Мырзағалиева қатысушыларды Жазғы тіл мектебін табысты аяқтағандарымен құттықтап, оларға сертификаттар, ал Жазғы тіл мектебі аясында өткізілген олимпиада жүлдегерлеріне дипломдар тапсырды.
«Тіл әлемі»көптілді білім беру орталығы