Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

IPR BOOKS мәліметтер базасы ШҚМУ-да жыл соңына дейін ашық болады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасында IPR MEDIA компаниясының (Ресей) «Жоғары оқу орнында оқу үрдісі мен байланысты ұтымды ұйымдастыру үшін IPR BOOKS электронды-кітапханалық жүйесінің технологиялары мен шешімдері» вебинары өтті.

Вебинар қатысушылары – университет оқытушылары, студенттері, қызметкерлері цифрландырудың маңызды бағыты – білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылатын электронды-кітапханалық жүйелердің дамуымен танысты.

Вебинар аясында IPR MEDIA компаниясының дамыту жөніндегі директоры Вита Кутуева «Книгообеспеченность 2.0» модулінің көмегімен тиімді оқу үдерісін құру үшін өзекті әдебиетті автоматты таңдаудың жаңа мүмкіндіктері, контентпен жұмыс істеу кезіндегі сервистер, мобильді құрылғыларда кітапханамен жұмыс істеу, IPRBOOKS электрондық кітапханасында оқытушылардың еңбектерін орналастыру туралы әңгімеледі.

IPR BOOKS электронды кітапханалық жүйесі – оқу және ғылыми әдебиеттің ресейлік толықмәтінді деректер қоры көшбасшыларының үштігіне енеді және 130 мыңан астам (оның ішінде қазақстандық) басылымнан тұрады.

Біздің университетіміз үшін жыл соңына дейін IPR BOOKS электронды-кітапханалық жүйесіне – ресейлік ірі толықмәтінді мәліметтер базасына тестілік қатынау ашық екенін естеріңізге саламыз.

Қосылу үшін құпиясөзді №1 оқу ғимаратындағы 229 дәрісханада алуға болады.

Ғылыми кітапхана

Қазақ
× You found a Typo