- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сәуірдің 29 күні «Жоғары білім беруді ұйымдастырудың қазіргі заманғы жолдары(Чехия университеті үлгісінде)» атты тақырыпта тұрақты әрекет етуші әдістемелік семинардың кезекті отырысы өтті.
Семинарда дәріс оқушы - Злин (Чехия) қаласындағы Томаша Бати атындағы университет профессоры Иржи Хлахула, Чехиядағы жоғары білім беру жүйесі туралы айтып, кредиттік технологиямен оқытуды жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. ШҚМУ мен ынтымақтастық шеңберінде жасалған меморандумның жүзеге асырылуы маңызды деңгейге шыққанын атап өтті.
Академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттердің шығуы бірінші рет ұйымдастырылды. Оқытушылар өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, қатынас еркін түрде жүрді. «Чехияда профессура студенттердің емтихан тапсыруының қандай түрін дұрысырақ көреді?» деген сұраққа, Иржи: «Ауызша. Ауызша емтихандардың тестік үлгідегі емтихандарға қатынасы 70-тің 30- ға қатынасында беріледі» деп жауап берді. Чехияда болған студенттер алған әсерлерімен бөлісті.
Иржи Хлахула қазір оған Қазақстандағы білім сапасының жақсы белгілі болғанын атап өтті. Ол, егер чех студенттері ШҚМУ келетін болса, онда олар жақсы білім алатындығын сеніммен айтты.