«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ жатақханаларындағы ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексеру мақсатында жұмыс рейдін жүргізді.
Рейд барысында үш жатақханадағы жөндеу жұмыстарымен танысты. №3 Студенттер үйінде әрбір қабаттағы бөлмелер жөнделіп, ғимараттың шатыры ауыстырылды, апта соңына дейін кіреберіс ауыстырылады. № 4,5 жатақханаларда душ бөлмелері күрделі жөндеуден өтеді.
Рейдтің мақсаты - «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Назарбаевтың Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру, соның ішінде студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту.
Баспасөз қызметі