Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қабылдау комиссиясының жұмысы басталды

1 маусымнан ШҚМУ өткен жылғы мектеп түлектерінен, өткен және ағымдағы жылдың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының (колледж) бітірушілерінен кешенді тестілеуге қатысу мақсатында өтініш пен құжаттарды қабылдауды бастады. Бұл жұмыстар 1-20 маусым аралығында өтеді.

Қабылдау комиссиясының шараларын бастау мақсатында қызметкерлердің жұмыс орындары, техникалық қамту істері жүзеге асырылып, техникалық хатшылар құрамы үшін оқыту-машықтандыру, құжат қабылдау шеберлік кластары өткізілді. Университеттің белсенді жастарынан кеңес беру тобы құрылып, нормативті құжаттарға министрлік нұсқауларында көрсетілген талаптарға сай өзгерістер енгізілді.

Ұлттық тестілеу орталығының талапкерлерді кешенді тестілеуге тіркеу жаңа енгізілген веб-онлайн жүйесін техникалық хатшы қызметі қолға алып, жүзеге асыруда. Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты сағат 8.30-18.00 аралығында, сондай-ақ, сенбі күндері де талапкерлер үшін қызмет етуге дайын.

Талапкерлер үшін факультеттер тарапынан күнделікті толықтырылып отыратын буклеттер орналасқан жылжымалы бұрыштар ұйымдастырылды. Қабылдау науқанының қандай да бір өзгерістері міндетті түрде хабарланады.

Қабылдау коммисиясы

Қазақ
× You found a Typo