Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР! ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздерді Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

«Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» деген аталы сөз оқытушылардың қоғам алдындағы беделі биік, абыройы асқақ екенін дәлелдейді.

Шәкірт оқыту – айырықша жауапкершілік пен қажыр-қайратты талап ететін аса абыройлы қызмет. Өскелең ұрпақ бойына білім нәрін құюға, оларды ғылымға баулуға деген шынайы ықыластарыңыз бен ерен еңбектеріңізді ерекше атап өткім келеді. Сіздердің жастарды оқытудағы қамқорлықтарыңыз бен ғылымды дамытуға қосып жүрген үлестеріңіз арқылы егемен еліміздің жоғары білім беру саласы жаңа деңгейге көтеріліп отыр.

Оқу ордамызда қызмет етіп келе жатқан білікті оқытушылар мен жетекші ғалымдар халықаралық сайыстарда топ жарып, аймақ атын ғана емес, бүкіл ел намысын қорғап жүрген талапты білімгерлерді дайындауда.

Білім-ғылым саласына деген мемлекетіміздің жан-жақты қолдауы арқасында студенттеріміз, магистранттарымыз бен докторанттарымыз шетелдік оқу орындарында тағылымдамадан өтіп, біліктіліктерін арттырып келеді. Бұл – педагогтардың кәсіби терең ізденістерінің нәтижесі.

Мерейлі мерекеде баршаларыңызға атқарып жүрген адал қызметтеріңіз үшін алғыс сезімімді білдіремін! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, шәкірттеріңізге жеңіс тілеймін!

Құрметпен,
М.Ә.Төлеген,
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры

Қазақ
× You found a Typo