Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Кафедрада жұмыс берушілердің талап-ұсыныстары тыңдалды

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында академиялық кеңес отырысы өтіп, білім беру бағдармаларын қалыптастыру, оқу жоспарларын түзету, жұмыс берушінің сұранысы бойынша әр білім беру бағдарламасы үшін қажетті құзіреттіліктің, элективті пәндердің тізімін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Кеңеске жұмыс берушілер тарапынан Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры Ф. Құрманов, облыстық Жамбыл мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж. Әлдебаева, «Дидар» газеті редакторының орынбасары С. Әбілхан, Өскемендегі №39 орта мектептің директоры Л. Сапарова, №44 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі М. Жондыбаева қатысты.

Маман даярлайтын кафедра болғандықтан оқу-әдістемелік бөліммен бірге жұмыс берушілердің талап-ұсыныстары үнемі ескеріліп, оқу процесіне түзетулер енгізіледі. Білім беру бағдарламаларының басымдығы – өзгерістерге бейім болу әрі жаңа білімді меңгеру болғандықтан маман дайындау жоспары мазмұнды әрі сапалы болуы керек.

Әр түлектің еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін ЖОО мен жұмыс берушілер арасында қандай жұмыс жүргізілуі керек деген мәселе төңірегінде талқылау болды.

Қ. Барбосынова,

мамандық эдвайзері 

Қазақ
× You found a Typo