- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев қала жастарымен кездесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен, келе жатқан Жаңа жыл мерекесiмен құттықтады.
Кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ белсенді студенттері қатысты. Онда жастар саясатын іске асыруға үлес қосқан тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякованың, қалалық мәслиxаттың депутаты, студент Ю. Миронованың еңбегі аталып өтті.
- Алдарыңызға жаңа мақсат қоюдан қорықпаңыздар, - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық құрылым өкілдері алғыс xаттармен марапатталды.
Баспасөз қызметі