Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қала жастары жастар маслихатын құруды ұсынды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері мен түлектері Өскемен қаласының «Нұр Отан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екібасовамен кездесуге қатысты.

2017 жылдың 16 қаңтарында «Нұр Отан» партиясының ғимаратында Өскемен қаласының «Нұр Отан» партиясы филиал төрағасының бірінші орынбасары Екібасова М.Ш. қаланың белсенді жастарымен кездесу жүргізді, аталмыш кездесуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттері мен түлектері белсенді түрде қатысты.

Кездесу барысында түлектердің жұмыспен қамтамасыз етілуі және жастар маслихатын құру мәселелері қарастырылды, ол барлық жастардың ұйымдарын қарастыратын болады.

Ол маслихаттың басты мақсаты болашақ қоғам басшыларын тәрбиелеу, сонымен қоса жастардың мәселелерін шешу.

С. Тураров, тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы

Қазақ
× You found a Typo