- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
26 сәуір психология, педагогика және мәдениет, филология және халықаралық қарым-қатынастар факультеттері 3 курстар арасында практиканттардың жәрмеңкесін өткізді, осында педагогикалық мамандықтардың студенттері өздерін көрсете білді.
Жәрмеңкеге 3 курс студенттері, оқытушылар және білім ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Іс-шара қатысушыларын м.ғ.к., психология, педагогика және мәдениет факультетінің деканы Г.Б.Куленова құттықтады. Кафедра меңгерушілері мамандарды дайындау білім бағдарларымен таныстырды, өзара ынтымақтастыққа ұсыныстар жасады. Осыдан кейін университетте білім алып жүрген әр мамандықтың студенттері өз жетістіктерімен бөлісті.
Спорт түрі бойынша жасөспірім спорт мектептерінің, мектепке дейінгі мекемелердің, қала және облыс мектептерінің директорлары біздің студенттерге қызығушылық танытты.
Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы