Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қалалық білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін білім саласының басшыларымен өткен жиналыс барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар білім бөлімінің жаңа басшысы Жанат Айтпаеваны таныстырды. Жанат Жеңісбекқызы Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Педагогика ғылымының кандидаты, экономика және бизнес магистрі.

Білім саласында 1987 жылдан бастап жұмыс істейді. Еңбек жолын Марқакөл ауданының Алексеевка ауылында мұғалім болып бастаған. Өскемен қаласының №40 орта мектебінде қазақ тілі пәнінен сабақ берді. Айта кету керек, техникалық және кәсіптік білім беру саласында да әдістемелік және білім беру тәжірибесі бар. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап осы күнге дейін Шығыс Қазақстан өңірлік «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры лауазымында еңбек етті.

Қала әкімі жаңа басшыны таныстыра отырып, Өскеменнің білім беру жүйесін дамытудағы маңызды бағыттарды атап өтті. Алда тұрған негізгі міндеттер – ол бала-бақшалардың санын көбейту, білім сапасын арттыру, оқу орындарын жөндеу және олардың санын арттыру. Білім бөлім басшысының лауазымы бір жарым жылдай бос болағанын атап айту керек.

Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo