Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қалалық жастар мәслихатына үш студент сайланды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Өскемен қалалық жастар мәслиxатының мүшелігіне ашық сайлау болып өтті.

Жастар мәслихатының негізгі мақсаттары – жастардың əлеуметтік мəселелерін шешу, мүдделері мен құқықтарын қорғау.

Сайлау өте қызу әрі қарқынды өтті. Сайлауға қатысқан кандидаттарға тоқталсақ, «Физика» мамандығының 4 курс студенттері Басбақбаев Қайыржан, Салықов Расул, Анас Бақдәулет, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Қалымбек Аян, «География» мамандығының 2 курс студенті Әбдіжаппар Гүлнар, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Ильяс Інжу.

Комиссия төрағасы болып «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігі қауіпсіздігі» мамандағының 3 курс студенті Аслан Әзімханов тағайындалды.

Кандидаттарға 464 студент дауыс берді. Сайлау қорытындысы мынадай: Қалымбек Аян – 117, Анас Бақдәулет – 108, Басбақбаев Қайыржан – 86, Ильяс Інжу – 80, Әбдіжаппар Гүлнар – 49, Салықов Расул – 24 дауыс.

Барша ат салысқан белсенді студенттерге және дауыс берушілерге алғыс білдіреміз!

Ал, Қалымбек Аян, Анас Бақдәулет және Басбақбаев Қайыржанды жастар мәслиxатына өтулерімен құттықтап, сәттіліктер тілейміз!

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ
× You found a Typo