Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Камерундық профессор ШҚМУ-дағы дәрістерін аяқтады

Камерун еліндегі Маруа университетінің профессоры, химик Дауэ Амадоу бір ай бойы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына органикалық және  аналитикалық химиядан дәріс оқыды. 

Қазан айы бойы Д. Амадоу студенттерге органикалық химия, ал магистранттар мен докторанттарға спектроскопия бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар, ол практикалық сабақтар да өткізді.

Өзінің сабақтарын Амадоу мырза 12 қыркүйекте ашылған ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, академик Е. Мәмбетқазиев атындағы химия дәрісханасында жүргізді.

Бүгін, 16 қазанда ол студенттерге арнап қорытынды дәрісін оқыды.

Дәріс алдында профессор шағын сұхбат беріп, Қазақстанға келгеніне риза екенін жеткізді. Камерундық ғалым Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

– Мен ШҚМУ-мен байланыс орнатқаныма қуаныштымын және келешекте осы оқу орнының докторанттарымен бірге зерттеушілер командасын жасақтағым келеді. Мақсатым – осы университетте фитозертхана ашу, ол жерде өсімдіктердің биологиялық белсенділігін, адам ағзасына тигізер пайдасын анықтайтын боламыз. Мен келер жазда келемін, сол кезде зертхана ашу мәселесін нақтылаймыз, – дейді Дауэ Амадоу, – Мұнда мені өте жақсы қабылдады, қазақстандықтар өте мейірімді, ақкөңіл болады екен. Тағы да келуді жоспарлап отырғанымның бір себебі – осы.

Ол білімімен және тәжірибесімен бөліскісі келеді, ал уақыттың тығыздығы сонша, кейде түстенуге де бармайды. Сондай-ақ, ғалым кітаптарды өте көп оқиды екен және басқаларға да осындай кеңес береді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo