Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО ағарту ісінің үздігі Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту бойынша әдістеме кабинеті ашылды.
Ашылу салтанатына және «Бітібаева оқулары» атты дәстүрлі республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға оқытушылар, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Қартаева, ЭжҚФ деканы А. Мұхамедиева, ППжМФ деканы Г. Күленова, Жоғары колледж директоры С. Өтепов, БАО директоры Б. Келгенбаева, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И. Ровнякова қатысты.
Кеуде белгілері ШҚМУ ғалымдарына – тәрбие жұмысы жөніндегі проректор И. Ровняковаға, қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі А. Қартаеваға, БАО директоры Б. Келгенбаеваға, кафедра оқытушылары Б. Бияровқа, А. Сейпутановаға берілді.
«Бітібаева оқулары» атты дәстүрлі республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде өтті.
Конференция аясында төрт секция бойынша пленарлық отырыстар болып өтті.
Баспасөз қызметі