Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Картоп шаруашылығына дамыту жөнінде ғылыми-тәжірибиелік семинар өтті

«Экология» оқу-ғылыми-зерттеу орталығы биотехнология зертханасының мамандары  «Ұлан-Жеміс» ЖШС негізінде «Әлемдік картоп тұқым шаруашылығына интеграциялану факторы ретінде және ішкі нарықта тұқымдарды арзандату үшін меристемалық тұқым шаруашылығын дамыту» атты ғылыми-тәжірибиелік семинарын өткізді.

Картоптың меристемалық тұқым шаруашылығын дамыту бағыты бойынша «Ұлан-Жеміс» ЖШС және «Экология» ОҒЗО-ғының биотехнология зертханасы негізінде ғылыми-тәжірибиелік семинар өтті.

Семинарға Ресейден және Қостанай, Павлодар, Алматы, Ақмола облыстарынан қонақтар келді. Сондай-ақ, семинарға картоп және көкеніс қоғамының,  АШМ ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының, облыстық ауыл шаруашылық басқармасының және «Атамекен» ҰКП АКП-сының өкілдері қатысты. Қатысушылар саны елуге жуық болды.

Семинардың бірінші бөлімі «Ұлан-Жеміс» ЖШС-нің алқабында өтті (Ұлан ауданы, Макеевка ауылы).

Қонақтарға invitro жинақтамасы, I және II жылдық клондары мен картоп сорттарын алдын ала және конкурсты сынау тәлімбақтары ұсынылды.

Семинар стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, б.ғ.д. проректор Анар Мырзағалиеваның кіріспе сөзімен басталды. Семинарда келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасалды: «Қазақстандағы картоп тұқым шаруашылығы мәселелері», «Қазақстанда тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау», «Шығыс Қазақстан аумағының жағдайларында картоптың бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығына өсіріп-өндірудің инновациялық технологияларын енгізу және меңгеру», «Картоптың бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығы үшін сұрыптарды бағалау және іріктеп алу», «Түйнектердің алғашқы меристемалық ұрпағын алу, I және II жылдық клондарын бағалау мен іріктеп алу», «Бастапқы тұқым шаруашылығындағы суперэлита және элита питомниктеріндегі инновациялық технологиялар».

Семинардың екінші бөлімі және қорытындысы «Экология» орталығының биотехнология зертханасында өтті.

Қатысушыларға биотехнология лабораториясына экскурсия ұйымдастырылды және «Оригинальное и элитное семеноводство картофеля в ВКГУ» атты бейнефильм ұсынылды.

Қонақтар республикалық және аймақтық деңгейдегі картоп тұқым шаруашылығының өткір мәселелерін талқылады. Семинар сонында қарар қабылданып, қонақтарға сертификаттар берілді.

«Экология» ОҒЗО биотехнология зертханасы

Қазақ
× You found a Typo