Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қаржы және есеп кафедрасында білім беру бағдарламалары бойынша жобалық комитеттердің отырысы өтті

Қаржы және есеп кафедрасында бакалавриаттың 3 білім беру бағдарламасы және магистратураның 2 білім беру бағдарламасы бойынша жобалық комитеттердің отырысы өтті.

Жобалық комитеттердің отырысы 6В04102 «Қаржы», 6В04104 «Есеп және аудит», 6В04106 «Мемлекеттік аудит» және 7М04102 «Қаржы», 7М04104 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша біріктірілген онлайн режимінде өтті.

Жобалық комитеті отырысының мақсаты 2021-2022 оқу жылына арналған магистратура мен бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша ЭПК (элективті пәндер каталогі) мазмұнын өзектендіру бойынша ұсыныстарды талқылау және енгізу болып табылады.

Бірлескен жобалық комитет отырысына Қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі және кафедра оқытушылары, білім алушылар, кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс берушілердің өкілдері қатысты.

Бакалаврлар мен магистрлерді даярлау мазмұнын еңбек нарығының өзгеріп отырған талаптарына сәйкес түзету мақсатында, жаңа элективті пәндер ұсынылды.

Тұрақты мониторинг және жұмыс берушілерді тарту білім беру саласында бәсекеге қабілетті қызметтер өндірісін қамтамасыз етуге және елді әлеуметтік жаңғырту бағдарламасын іске асыруға қабілетті кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілердің ұсыныстары ел экономикасының қазіргі жағдайына сәйкес келеді, сондықтан 2021-2022 оқу жылына арналған ЭПК-да жұмыс берушілер өкілдерінің ұсыныстарына сәйкес түзетулер енгізіледі.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo