12 мамырда ШҚМУ Біліктілікті бекіту орталығы Катонқарағай ауылында орналасқан Ластаев атындағы орта мектеп мұғалімдеріне арнап көшпелі семинар өткізді.
Семинарды психология және коррекциялық педагогика кафедрасының аға оқытушылары Жанар Смайылова мен Гүлназ Тұрарова жүргізді.
Семинардың мақсаты – инклюзивті білім беруді енгізуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшелігі мәселесіне қызығушылық танытты. Семинарда инклюзивті білім берудің ситуациялық мәселелері талданды. Қатысушылар талқылауға белсене қатысып, ойларын ортаға салды.
Мұғалімдер инклюзивті білім беруді дамытуда ынтымақтастық қажет деген қорытындыға келді.
Біліктілікті бекіту орталығы