- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Желтоқсан айының 6-сы күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да адамзат өміріне қауіпті болып табылатын ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы – СПИД) ауруы туралы мәлімет беру, оның алдын алу, жұғу жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-тренинг болып өтті.
Тренинг барысында студенттер әртүрлі бейнероликтер арқылы және сұрақ-жауап ойындары арқылы көптеген мағлұматтар алды. Сонымен қатар, тәжірбие жасау арқылы қан тапсырып көрді. Барша атсалысқан студенттердің қан тапсыру нәтижесі оң көрсеткіш көрсетті.
Барынша жан-жақты мағлұматтар бере отырып, студенттерді ақпараттандырғаны үшін Өскемен қаласының СПИД ауруларына қарсы орталығына алғыс білдіреміз. «Сақтансан сақтаймын» демекші, ең басты байлығымыз денсаулықты сақтап қалу өз қолымызда.
Жастар ісі жөніндегі комитет