Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ географиялық қоғамының Өскеме бөлімшесінің 10 жылдық мерейтойы

30 наурызында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақ географиялық қоғамының Өскемен филиалының 10 жылдық мерейтойына орай дөңгелек стол өтті.

Келелі жиынды география ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, профессор Бейсембаева Роза Сейдахметовна бастады. Жиынға қатысушылар: экология және география кафедрасының профессорлық оқытушылық құрамы, Қазақ географиялық қоғамы, магистранттар мен студенттер.

Құттықтау сөзбен экология және география кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты Идрышева Жанат Кабылбековна бастады. Қоғамдастықтың құрылуы, Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесі және Өскемен бөлімшесі туралы естеліктерімен география ғылымдарының докторы, профессор Егорина Анна Васильевна бөлісті.

Жыл сайын халықаралық деңгейде жыл сайын шығарылатын мақалалар жинағының презенациясы өтті. Келесі жинақтардың көрмесі өтті: Қазақ географиялық қоғамының Өскемен бөлімшесінің жазбасы, Усть-Каменогорск 295 лет, шығарылым 10.  К вопросу о взаимосвязи русской и казахской литературы на примере творчества Абая - 1 оқу жылының магистранты Серікұлы Т., Қазақ географиялық қоғамының Өскемен бөлімшесінің жазбасы, шығарылым 11, 10 лет со дня освоения Усть-Каменогорскому филиалу Казахского географического общества.

Экономико-географические и геополитические факторы развития Республики Казахстан - 1 оқу жылының магистранты Сайдесова А.Б., Қазақ географиялық қоғамының Өскемен бөлімшесінің жазбасы, шығарылым 7, Шығыс Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл. Из истории образования Восточно-Казахстанской области - 1 оқу жылының магистранты Асылгазина К.А., Қазақ географиялық қоғамының Өскемен бөлімшесінің жазбасы, шығарылым, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай арнайы шығарылым. Восточный Казахстан в исследованиях  В.В. Сапожникова - 2 оқу жылының магистранты Кадыров Б., Записки Усть-Каменогорского филиала Казахского географического общества, 150 лет Кашгарской экспедиции Чокана Чингисовича Валиханова, выпуск 1, Шоқан және уақыт: Әлеуметтік антропология мен әлеуметтік география туралы ойлар. - 1 оқу жылының магистранты Тураров Н.Б. «Возможности реализации результатов научных исследований магистрантов» тақырыбында география ғылымдарының кандидаты Бейсембаева Р.С. баяндама жасады.

Жиын қортыныдысында Қазақ географиялық қоғамына қабылдаулар жүргізіліп, тұрақты болған мүшелерді қабылдады.

Қазақ географиялық қоғамының Өскемен бөлімшесі

 

Қазақ
× You found a Typo