Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы кәсіби бағдар жұмыстарын бастады.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі Сәкен Қасенов Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-4 курс студенттерімен, оқытушылармен кәсіби бағдар шеңберінде кездесті.
Шара барысында кафедраның білім бағдарламалары бойынша жан-жақты ақпарат беріліп, жоғары оқу орнында арнайы орта білім негізінде оқудың ерекшеліктері айтылды. Сонымен қатар, колледж студенттеріне университеттегі түрлі үйірмелер мен орталықтардың жұмысы жайлы айтылып, олардың шеңберінде бірлесе жұмыс істеу ұсынылды.
Колледж ұстаздары мен студенттері көптеген сұрақтарына жауап алды.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы