19 қарашада Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы кәсіптік бағдар беру мақсатында ақпараттық-танымдық онлайн кездесу өткізді.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің білім алушыларымен, Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің түлектерімен «С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың болашақ педагогтар үшін жаңа мүмкіндіктері мен ЖОО-ға түсу талаптары» атты ақпараттық-танымдық онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында кафедраның білім беру бағдарламалары, түлектердің жұмысқа орналасуы, университеттің әлеуметтік жеңілдіктері, ҰБТ-дағы жаңа өзгерістер, талапкерлерді қабылдау тәртібі туралы толық мәлімет берілді.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы