Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Сүлеймен Демирел атындағы университет ұжымымен кездесу өткізді

4 ақпанда Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар факультетінің ұжымымен «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасын дамыту, білім берудегі ынтымақтастықты нығайту мақсатында кездесу өткізді.

Бірлескен білім беру бағдарламаларын құрастыру, білім беру кеңістігінде оқытушылардың, студенттер мен магистранттардың ішкі академиялық ұтқырлығын арттыру, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар мен байқауларды бірлесе ұйымдастыру, профессорлық-оқытушылық құрамның эксперттік жұмыстарға талдау жасауға, пәндік олимпиадалар өткізуге,  оқу-әдістемелік кұралдарды, оқу бағдарламаларын, білім алушылардың ғылыми жобаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын рецензиялауға жұмылдыру, қосдипломды білім беру бағдарламасын жасау мәселелері талқыланды.

Үш сатылы деңгейде сапалы білім беру қызметін арттыру, біліктілікті жетілдіру бағдарламаларын дамыту, түрлі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін университетаралық байланыстардың маңызы зор. 

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo