Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында «Абайдан соң» әдеби кеші өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен жазушы Кәмен Оразалиннің 100 жылдығына арналған «Абайдан соң» атты әдеби кеш өтті.

Кештің арнайы қонағы жазушы Кәмен Оразалиннің ұлы, мәдениет қайраткері, Абай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, ақын, сазгер Елдар Оразалин Абай мұрасын жан-жақты насихаттау мен танымалдандыру мақсатында ұйымдастырылған шаралар үшін ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлегенге алғыс білдірді.

 К. Оразалиннің Абай шығармашылығына, Абайтану мәселелеріне арналған «Данышпан ақын», «Абай ауылында», «Абай туралы», «Абай» қолжазба журналы туралы» т.б. мақалалары, «Абай ауылына саяхат» деген очерктер жинағы мен «Абайдан соң» романы талданды.

Университет ғалымдары, кафедра филиалдарының мұғалімдері, магистранттар мен студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

Қарлығаш Барбосынова

Қазақ
× You found a Typo