- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында «Еңбегі ерен Елбасы» тақырыбында әдеби кеш өтті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенттері ұйымдастырған іс-шарада Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев туралы бейнеролик көрсетіліп, топ студенттері Елбасының жастық шағы, отбасы және еліне сіңірген еңбегі туралы баяндады.
Кеш соңында топтың ақын қыздары арнау өлеңдерін оқып, әндер орындады.
А. Айтмұқашова,
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті