- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында онлайн ғылыми-теориялық семинар өтті.
Семинарда бірнеше мәселе көтерілді. Олар – «Шығыстың аймақтық хабаршысына» кафедра тарапынан сапалы мақалалар дайындап, басылымға ұсыну, Ғылыми ақпараттар институты тізіліміндегі жоғары импакт-факторлы және ҚР БжҒМ БСБК ұсынған журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, кафедраның ғылыми әлеуетін көтеру барысында ғалымдардың ғылыми дәрежесі жоқ оқытушыларға жетекшілік етуі.
Ғылыми семинар жоспарына сай ұстаздар өз бағыттары бойынша баяндамаларының тезисімен таныстырды. Болашақта мақалаларын басылымға ұсыну талап етілді. Семинарда келелі ой, кесімді пікірлер айтылды.
К.К. Еңсебаева,
ғылыми-теориялық семинар жетекшісі