Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында «Мерекелер» тақырыбында ашық сабақ өтті

Бүгін Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, магистр Халима Жоқанасова «Шет тілі: екі шет тілі», «Тарих», «Аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне қазақ тілі курсынан «Мерекелер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі С. Қасенов, оқытушылар А. Сапанова, М. Ибраева, С. Чирцова, Л. Демченко, Р. Жақыпова қатысты.

Сабақ оқытушының педагогикалық шеберлігін, студенттер білімінің жақсы сапасын көрсетті. Орыс тілді топтардағы студенттердің қазақ тілін меңгерудегі табыстары қуантарлық. Үй тапсырмаларын айтуда, жаңа сабақты бекіту кезінде, ситуативті сұхбаттар құрастыруда олардың сөздік қорларының молдығы, Наурыз мейрамы жайлы білімдерінің жан-жақтылығы  байқалды.

Оқытушы ZOOM  платформасында топтық жұмыстарды да оңтайлы ұйымдастырды. Ситуативті сұхбаттар беру кезіндегі топтық жұмыс нәтижелі болды.

Әдістемелік онкүндік шеңберінде ашық сабақтар жүргізу жалғасатын болады.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo