Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша «Болашақ филолог» атты олимпиада өтті

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті, Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы ШҚО білім алушылары арасында «Болашақ филолог» атты олимпиада өткізді.

Олимпиадаға барлығы 37 оқушы қатысып, сайысқа түсті. «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын таңдап жүрген оқушылар терең  білімдерін көрсете білді. Олимпиаданың бірінші кезеңінде берілген тақырыптардың біріне эссе жазу болса, екінші кезеңінде оқушылар қазақ тілі мен әдебиетінен теориялық сұрақтарға жауап беріп, тілдік талдау жасау жасады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынды Жамбыл атындағы ОММГИ –дің 11 сынып оқушысы Шалқарова Риза, ІІ орынды №44 орта мектептің 10 сынып оқушысы Бейбіт Ботагөз бен Көкпекті ауданы Үлгілі малшы ауылы Абай ат. мектептің 10 сынып оқушысы Құмарбекова Гүлім, ІІІ орынды Өскемен қаласы №3 орта мектеп оқушысы Аймұрат Зерек иеленді.

 Аталған мамандық студенттері өз өлеңдерін оқып, ән, күймен өнерлерін ортаға салды. Мектеп мұғалімдеріне «Латын әліпбиіне көшудің маңызы мен мәселелері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізіліп, сертификаттар табысталды.

Қазақ, орыс филологиясы және

журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo