04.10.2019
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері ұстаздарға арнап концерт қойды
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері ұстаздар мерекесіне арнап концерт ұйымдастырды.
Студенттер Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушыларын мерекемен құттықтап, концерт ұсынды.
Іс-шарада студенттер өз өнерлерін ортаға салды. Республикалық ақындар айтыстарының жүлдегері, 4 курс студенті Жұлдызай Маратбекова оқытушыларға арнау жолдаса, «Шабыт» студенттер театрының мүшелері «Абай жолы» романынан сахналық көрініс қойды.
Бағдарламада ойындар ойнатылып, ән шырқалып, өлеңдер оқылып, би ұсынылды.
4 курс студенттері өткізген шара ұстаздар қауымына тамаша көңіл күй сыйлады.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы