- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Ұстаздар күніне орай еліміздің әр өңірінен оқытушыларына жүрекжарды тілектерін білдіріп, «Ұстаз – ұлы есім» атты бейнеконцерт жолдады.
Қашықтан оқу жағдайында аға куратор К.Ә. Апышеваның ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – ұстаз есімін ұлықтап, мәртебесін арттыру, студенттерге ұстаздық сезімді ұялату.
Студенттердің аяулы ұстаздарына арнаған өлеңдері, ән-би, күйлері мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ал, оқытушылардың естелік шаралардан алынған түрлі фотосуреттері бейнебаян-концертті толықтырып, ұстаздар қауымын бір марқайтты.
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы