Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының түлектерімен онлайн-брифинг өтті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2020-шы жылғы түлектерімен жаңа форматтағы тестілеуді өткізудің мақсаты мен міндеттерін түсіндіруге арналған онлайн-брифинг ұйымдастырылды.

Кездесуде Қазақстан  жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу, категорияларды  ұлттық біліктілік тест арқылы беру және орта білім беру саласында  жаңартылған мазмұнға көшу, жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау үшін бүгінгі педагог қандай болу керектігі туралы айтылды.

Университет түлектеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы педагог қызметкерлерді аттестаттау үшін дайындаған тест тапсырмаларының құрылымымен, қайда, қашан және қалай тестілеуден өтуге болатыны, парасаттылық пен академиялық адалдық нормалары туралы түсіндірілді.

Білім беру бағдарламасының менеджері Қарлығаш Барбосынова

Қазақ
× You found a Typo