Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ тілі мен әдебиетінен пәндік олимпиада өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 13 наурызында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы студенттерінің арасында пәндік олимпиада өткізілді. Пән сайысына – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-3 курсында оқитын 21 студент-бакалавр қатысты. 

Олимпиадаға ШҚМУ профессоры, ф.ғ.к. С.К.Оразалин (төраға); кафедра меңгерушісі, ШҚМУ доценті, ф.ғ.к. А.Қ.Сейпутанова;  ШҚМУ доценті, ф.ғ.к. А.А.Айтмұқашова; аға оқытушы, филология магистрі Ж.Қ.Қайырбаева; сондай-ақ 5В011700 мамандығының әр жылғы түлектері, республикалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері Жотабаева Гүлназ (Павлодар-2013), Оразғалиева Шаттық (Қызылорда-2014), Тойғабылова Айжан (Қостанай-2015) әділқазылық жасады. Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша өткізілді.

1 турда қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін анықтау мақсатында арнайы даярланған тақырыптар топтамасының ішінен таңдалған тақырып бойынша ( Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз; Абайдың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын  өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз;  Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абайдың «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз; «Алаш» - «Мәңгілік елдің» руханияты) эссе жазылды.

Эссені бағалауда студенттің теориялық білімі, тақырыпты аша алуы, ойын сауатты жүйелеуі, пікірінің жаңашылдығы, көзқарасының айқындылығы, ойын нақты жеткізе алуы, жасаған қорытындысын дәлелдермен бекітуі, ғылыми негізделген цитаталарды пайдалануы, стильдің сақталу мәдениеті, сауаттылығы т.б.мәселелер назарға алынды.

2-турда нақты берілген сұрақтар бойынша тіл теориясы мен әдеби-теориялық сұрақтарға және ағылшын тіліндегі тапсырмаларға (аударма жасау, түсінік айту, анықтама және ақпарат беру т.б.) жауап берілді. Белгілі бір көркем шығармадан берілген мәтінге, өлеңге және сөйлемдерге кешенді талдау жасалынды. Онда әдебиеттану мен қазіргі қазақ тілі салалары бойынша талдау түрлерінің толық қамтылуы, анықталған проблеманың талдаудың шартына сәйкестігі, талдау кезіндегі мәліметтердің жеткіліктілігі мен толықтығы, талдау тәсілінің жан-жақты түсіндірілуі, талдау кезеңдері мен мәліметтердің дұрыс жазылып толтырылуы ескеріліп бағаланды.

3-турда тест тапсырмаларына жауап берілді. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемесі пәндері бойынша қатысушының теориялық білімі тест арқылы тексерілді.

Қорытынды олимпиаданың үш туры толық өткеннен кейін жасалды.

1-орын  Алдаберген Құралай (2 курс)  - Жыл филологі

2-орын  Әділбекова Құралай (3 курс)- Жылдың үздік тілшісі

2-орын  Кабидолданова Еңлік (2 курс)- Жылдың үздік әдебиетшісі

3-орын Нұрлыбек Андыз (3 курс) – «Үздік тілдік талдау» номинациясы

3-орын  Исағұл Данагүл (2 курс) – «Үздік эссе» номинациясы

Олимпиада жеңімпаздары Алдаберген Құралай, Әділбекова Құралай, Кабидолданова Енлик 6-7 сәуір күндері Алматы қаласында өтетін ІХ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысады.

Мамандық эдвайзері Қ.Барбосынова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo