- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Құрметті талапкерлер! ҰБТ нəтижелерін алу үрдісі үнемі жетілдіріліп отырады.
Бұрын-соңды тестілеу нəтижелері арнайы тақташаларға ілінген болса, бүгінгі таңда ҚР БҒМ-нің басқа да қосымша мүмкіндіктері бар. ҰБТ-2018 нəтижелерін ендігі кезекте Telegram-бот @edu.gov.kz немесе edu.mail.kz сайты арқылы үйден шықпай-ақ білуге болады: ол үшін тестілеуге қатысатын əрбір талапкерге берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет.
Тестілеу қорытындыларын сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан білуге болады. Тестілеу нəтижелерін əрбір талапкер өзі ғана көре алатынын естеріңізге саламыз. ҰБТ нəтижелері жоғарыда көрсетілген ресурстарға ақпараттың өңделуіне байланысты жарияланатын болады.