- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасы Өскемен қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында кафедра меңгерушісі А.Ж. Әубәкірова және кафедраның аға оқытушысы Б. Шүршітбай университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісіп, оқушылар мен ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларына оқуға түсу мүмкіндігі, бейіндік пәндер бойынша, гранттар мен жеңілдіктер жайлы ақпарт берілді.
Қазақстан тарихы кафедрасының атынан мектеп директоры Есім Тұрысбекұлы Әкітбаевқа және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Ташкеновке, тарих пәнінің мұғалімі Мөлдір Қамбасоваға талапкерлердің дұрыс мамандық таңдауына көмек қолын созғандары үшін алғыс білдіреміз.
Қазақстан тарихы кафедрасы