С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының Абай мерейтойына арналған әдістемелік онкүндігі шеңберінде тарих және сандық гуманитаристика мамандықтары студенттері арасында «Мамандық үздігі» байқауы өтті.
«Мамандық үздігі» аталымына сандық гуманитаристика мамандығының 2 курс студенті Раушан Жақпекова ие болды. Сонымен қатар, 1 курс студенттері Жанар Дәуренова, Айза Камалбекова, 2 курс студенті Олжас Нұрланов, 3 курс студенті Әйгерім Тукпаева белсенділік көрсетіп, түрлі номаницияларды иеленді.
Байқауды кафедраның аға оқытушылары А.О.Омарқанова, Қ.Р.Жириндинова, Ж.А. Қалимолдина ұйымдастырды.
Қазақстан тарихы кафедрасы