Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры С. Игібаевқа Абай атындағы медаль тапсырылды

 Тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Жоғары мектеп академигі, Өскемен қаласының құрметті азаматы Советқан Қабдуәлиұлы Игібаев өзінің 77 жасқа толған күнінде Абай атындағы алтын медальға ие болды.

Медальды С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген салтанатты жағдайда табыстап, ғалымның ерен еңбегін ерекше атап өтті. Игібаев 120 шақты ғылыми жұмыстың авторы болып табылады.

Салтанатқа Советқан Қабдуәлиұлымен бірге қызмет еткен ЖОО ардагерлері, шәкірті болған қазіргі оқытушылар, студенттер қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Даңқты тарихшының көптеген оқушылары – қазір есімдерге елге белгілі ғалымдар. Оның жетекшілігімен бір докторлық, жеті кандидаты диссертация қорғалған. Олардың арасында А.С. Жанбосынова, Г.М. Ахметова,  Л.П. Турова, Ф.С. Құрманов, Р.К. Нұрбекова және басқалар бар.

Советқан Игібаев 1970 жылы ӨПИ-ді тарих мамандығы бойынша тәмамдаған. Ғылыммен студент шағынан айналыса бастайды. Университеттегі толық жұмыс өтілі – 46 жыл.

Ол «Халықтар достығы» орденімен, «Тәуелсіздікке 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін», «Университетті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім саласының құрметті еңбеккері» кеуде белгілерімен марапатталған.

– Тарих кафедрасы тарих факультетінің даңқы дәстүрлерін лайықты жалғастырып отырғанына дән ризамын, – деп түйіндеді өз ойын профессор Игібаев.

Құттықтаулар мен студенттердің музыкалық тартуларына толы болған салтанатты жиын естелік фотосуретке түсуімен аяқталды.

ФОТО https://cloud.mail.ru/public/6Q3M/VkrEPd5Y5

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo