- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚО-да «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Іс-шара барысында археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы шеңберінде өткен, Шығыс Қазақстан облысындағы айтулы ескерткіштердегі қазба жұмыстарының нәтижелері жиналғандардың назарына ұсынылады.
Аталған ауқымды шараға қатысу үшін ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде сағат 11.00-де Металлургтер мәдениет сарайына шетел уәкілдері, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Қытай және Польша елдерінің алдыңғы қатарлы археологтар мен түркітанушылары келеді деп күтілуде.
Баспасөз қызметі