Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу процесі аралас форматта жалғасады

Бірінші курс студенттері үшін оқу процесі аралас форматта ұйымдастырылады. Яғни, дәрістер онлайн форматта, ал семинар, зертханалық және практикалық сабақтар дәстүрлі форматта өтеді.

Екінші және үшінші курстарда оқыту процесі дайындық бағыттарына байланысты қашықтан немесе аралас форматтарда жүргізілетін болады.  Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдар, журналистика, бизнес, басқару және құқық т.б. бағыттар бойынша қашықтан оқыту ұсынылады. Ал, өнер, жаратылыстану ғылымдары, инженерлік салалар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және т. б. бағыттар бойынша студенттер аралас формата оқытылады.

Теориялық оқыту (қажет болған жағдайда), ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау, магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттау жоғары оқу орнының академиялық саясаты мен күнтізбесіне сәйкес қашықтан және аралас форматта жалғасады.

Жоғары оқу орындары термометрлермен, антисептигі бар санитайзерлермен жарақтандырылатын болады. Сондай-ақ техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, дезинфекциялық тоннельдер орнатылған.

ҚР БҒМ

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/145360?lang=kk

Қазақ
× You found a Typo