Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстандық ЖОО-ы академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаларын жария етті

Наурыз  мерекесі қарсаңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының академиялық адалдық қағидаларына берілгендігі туралы хабарлаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы телекөпір өткізді. Телекөпірге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қатысты. 

Телекөпір жұмысына тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, оқытушылар мен университет студенттері қатысты. 

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің бастамасы бойынша Қазақ Гумманитарлық Заң университетінде ұйымдастырылды.

Агенттік Төрағасының орынбасары А.Шпекбаев телекөпірді аша отырып Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында білім беру жүйесін өзгерту міндеті ел дамуының бірден бір алғышарттары болып белгіленгенін айтты.

Ол академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерін жеңуде әрбір адамның рөлі жоғары екенін айтып, қатысушыларды ашық диалогқа шақырды.

Жастармен болған диалогқа Дін істері және азаматтық қоғам, білім және ғылым, «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ. Жұмашев қатысты.

Білім беру процесіне академиялық адалдық қағидаларын енгізу тәжірибелерімен «Қазақ Гумманитарлық Заң университетінің» ректоры Т.Нәрікбаев, «Назарбаев университетінің» академиялық істер бойынша вице-провосты Лоретта O'Доннелл,Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Жақыпова, «Нархоз» унивесритетінің ректоры К.Рыбиньски, ЖОО Ассоциациясының президенті Р.Алшанов, сондай-ақ Қазақстанның жастары Конгрессінің орындаушы директоры А.Сабитов және Студенттер Альянсы республикалық штабының басшысы М.Абилхас бөлісті.

Телекөпірдің қорытындысы бойынша Қазақ Гумманитарлық Заң университетінің студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы флешмоб өткізді. Олар барлық студент жастарды өлең шумақтарымен прогрессивті, әділ және бәсекеге қабілетті болуға шақырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафетаны Еуразиялық ұлттық университетіне және НАРХОЗ унивесритетіне берді. 

Жылдың соңына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы эстафета еліміздің барлық жоғарғы оқу орнын қамтиды деп күтілуде.

ШҚМУ-де студенттерге арналған телекөпір наурыз айының 29-да өткізіледі деп жоспарлануда.  

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo