Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Қазақстанның 100 жаңа есімі»: Бауыржан Рахәділовпен кездесу

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымы Бауыржан Рахәділовпен кездесу өтті.

Халықаралық студенттер күні қарсаңында А. Пушкин атындағы облыстық кітапханада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымдық пайдаланудағы Ұлттық зертханасының меңгерушісі, физика және технология кафедрасының доценті, өнертапқыш, PhD докторы, Қазақстанның талантты жас ғалымдарына арналған мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасына үміткер жас ғалым, жерлесіміз Бауыржан Рахәділовпен кездесу өтті.

Ол 3 оқулық пен 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 20 мақаласы шетелде жарияланған, сондай-ақ 15 авторлық куәлік тіркеген.

Ғылыми жұмыстарының негізгі нәтижелері Қазақстан мен шетелде өткен 30 халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларда және форумдарда баяндалып, 1, 2 дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Жаратылыс ғылымдарының магистрі, «Техникалық физика» мамандығы бойынша (PhD) философия докторы Б. Рахәділов  Польша мен Германияның университеттерінде тағылымдамадан өтті.  

Бауыржан Қорабайұлы ШҚМУ базасында «Беттер инженериясы және трибология» ғылыми-зерттеу орталығын ашқан, онда 2 PhD докторы, 5 PhD докторант, 6 магистрант және 5 студенттен тұратын Б. Рахәділовтың ғылыми тобы құрылған. Ұлттық ғылыми зертханада жұмыс істей жүріп, Б. Рахәділов ғылыми жұмысын педагогикалық қызметімен оңтайлы үйлестіреді және студент, магистрант және PhD-докторанттарға ғылыми жетекшілік етеді.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo