Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстанның 109 жоғары оқу орындарының арасында ШҚМУ сайты 12 орында

4 International Colleges & University (4ICU) халықаралық білім порталының нұсқасы бойынша әлем университеттері интернет-сайттарының рейтингісі жаңарды.

4ICU халықаралық білім порталы аккредиттелген университеттер мен колледждердің интернет-ресурстарна он жылдан артық уақыт баға беріп келеді. Ұйымның сайтында бұл академиялық рейтинг емес, жоғары оқу орындары өз сайттарының әлемдік интернет-аудитория арасындағы танымалдығы бойынша бағаланады деп жазылған. Бұл порталдың мақсаты – бүкіл әлем бойынша талапкерлерге, студенттерге және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге кез-келген оқу орнының өз мемлекетінен тысқары жерде қаншалықты танымалдығы туралы мәлімет беру.

2017 жылы рейтингке 200 мемлекеттен 12 358 университеттер пен колледждер қатысты. 4ICU соңғы рейтингісінде Қазақстан Республикасының 109 жоғары оқу орындарының сайттары бағаланды.  

Бағалаудың нәтижесі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақстандық жоғары оқу орындарының арасында 12 орынды және әлем жоғары оқу орындарының арасында 6017 орынды иеленді. (http://www.4icu.org/reviews/11998.htm).

Ескерте кетейік, 2016 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Қазақстанның 89 жоо-ның арасында 21 орынды және әлемнің 11307 жоо-ның арасында 6425 орынды иеленген еді.

 Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo