Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Қазақстанның болашағы – цифрлық диалог» пікірталасына «АLTAI JASTARY» медиаорталығы қатысты

Астана қаласында Томсон қоры мен Қазақстан баспасөз клубының келсімімен және Британия елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба жоспарының қортындысы болып, «Қазақстанның болашағы – цифрлық диалог» атты панельдік пікірталас жəне медиа бизнес-жоспарлар жөніндегі байқау жеңімпаздарын марапаттау кеші өтті.

Кешке Астанадағы Ұлыбритания елшілігі жанындағы миссия басшысының орынбасары Эндрю Макалистер, Томсон қорының медиа саласы бойынша аға кеңес беруші Зоя Чарльз, Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев, «Minber» журналистер біліктілігін көтеру орталығының басшысы Асхат Еркімбай, аймақтардан облыстық телеарналар, баспасөз клубтары, сайттар мен жарнама агенттіктері қатысты.

Меди бизнес-жоспарлардың қортындысында Костатнин Рашев Қостанай облысы бойынша шығатын «Наша газета», Дмитрий Ким «ИА NewTimes.kz» сайты, Асқар Ақтілеуов Ақтөбе қаласынан «Тілші» газеті жүлделі орындарға ие болды.  Ал, пікірталас үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын синхронды аударма жасалынды) өтті.

Ғаламтор мен ақпараттық технологиялар дамыған дәуірде материал ұсынудың жылдамдығы мен сенсациялығы, сонымен қатар, баспагер мен құрылтайшылардың газеттерді батысқа, әсіресе, америкалық басылымдарға ұқсату талпынысы қазақ газеттерінің жанрлық палитрасының өзгеруіне және ақпаратты нақ, жедел, ұғынықты түрде беруде қазақ тілді контенттердің ақпараттың әдеби көркем-публицистикалық жанрға көп көңіл бөлетіндігі туралы айтылды.

Қазақстаннның цифрлық болашағында қазақ контенттерінің даму үрдісінде екендігі және қазіргі ұрпақтың ағылшын тілін жетік меңгеріп келе жатуына байланысты қазақша ақпаратты бірден ағылшынша беретін сайттар мен блогтардың, онлайн БАҚ-тың пайда болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Мультимедиялық журналистиканың даму үрдісінде біздің ескеріп және үйренетін жұмыс үрдісі мен технологиялар тілі өте көп. Аз уақыт ішінде Қазақстандағы барлық ұлттық медиа хабар таратуының сапалы болуына жауапты жалғыз технологиялық алаңы «Қазмедиа орталығында» экскурссия жасап, басты телеарналардың бірі «Qazaqstan» ұлттық арнасының 17-де тікелей эфирде шығатын жаңалықтардың беру легімен және жұмыс істеу үрдісіне қатысу мүмкіндігі болды.

Бұл пікірталас пен кездесулердің барлығы «ALTAI JASTARY» медиаорталығы үшін жаңа идеялардың бастамасы мен мотивациясы  болғандығы сөзсіз.

Н. Чыншаева,

«ALTAI JASTARY» медиаорталығы

 өндірістік оқыту шебері

Қазақ
× You found a Typo