Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстанның ең үздік жыл заңгері

2016 жылдың 15 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің акт залында "Қазақстан Республикасының үздік заңгері" номинациясы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы Раxимбердин Қуат Қажымұқанұлын марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтті. Заң қоғамының айтуы бойынша Қ. Раxимбердиннің аталмыш салаға тигізген еңбегі зор, мұны ҚР Бас прокурорының орынбасарының қолы қойылған xаттан көруге болады. Рахимбердин Қуат Қажымұқанұлы
заң ғылымдарының докторы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007, 2013 жж. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының және мемлекеттік грантының иегері. Қ.Х. Рахимбердин 1993 жылдан бері қылмыстық құқық пәндерінен жоғары оқу орындарында сабақ береді.

Салыстырмалы құқықтану, криминология, қылмыстық атқару құқығы, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық тетіктері саласындағы маман болып табылады.

ҚР қылмыстық саясаты мен қылмыстық құқық және қылмыстық атқару құқығының мәселелері бойынша 50-ден астам ғылыми жобалардың авторы болып табылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo