С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлегеннің атына белгілі қазақстандық ғалым, философия ғылымдарының докторы, Акмеология академиясының академигі Нина Васильевна Гусеваның мерейтойына арналған бірқатар іс-шараларды өткізуге көмектескені үшін «Философиялық конгресс» қоғамдық бірлестігінен Алғыс хат келіп түсті.
Өткізілген іс-шаралардың ішінде «Мәдениет және өркениетті таңдау мәселесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, «Инновациялар бағдарламаларына идеялар мен негіздемелер» халықаралық дөңгелек үстелі және «Адам мәселесі: тарих және қазіргі заман» халықаралық философиялық-әдіснамалық семинары бар.
«Сіз басқаратын университет Қазақстандағы философия ғылымының маңызды орталықтарының бірі болып табылатынын атап өтеміз. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қызметкерлері – «Қазақстандық философиялық конгресс» қоғамдық бірлестігі іс-шараларының белсенді қатысушылары. Оның шығыс бөлімінің мүшелері бола отырып, олар Қазақстан мен шет елдердің философтарымен байланысты дамытуда», – делінген Алғыс хатта.
«Философиялық конгресс» ҚБ-нің атқарушы директоры А. Сағиқызы С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен қоғамдық бірлестік арасындағы ынтымақтастықтың Қазақстандағы философияның дамуына одан әрі ықпал ететініне сенім білдірді.
Баспасөз қызметі