Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақстанның жаһандық бастамалардағы рөлі немесе Үшеудің монологы

Қайран менің елімнің... Босағасына балта шабылған еді. Қапыда қарғалдағым тамырынан, қызғалдағым бауырынан қиылды. Шынтағынан шер сорғалаған елімнің бір боздағының айтқан еді...

КЕҢЕСБЕКТІҢ МОНОЛОГЫ

Семей топырағын ғана емес, тегіс Қазақ даласын, келін болмай, кесір болып аттаған жылдардың бірі 1900-дің 49-ы еді. Бозбаламыз әлі. Елмен бірге қолымызға орақ пен балға ұстап жүрген кезіміз.Сондағы бір түн еді. Менен тағы ұйқы қашқан. Тебендей түйреген ойлар кірпіктерімді айқастырмады. Сонда не ойлаймын дейсіз ғой?! Мен ойлайтын едім... Неге біз осындаймыз... Атам айтып отыратын... Біздің түп-тұқиян затымыз Ер Түркілер. Дүниені дүр сілкіндірген Білге мен Күлтегіннің ұрпағымыз. Жарты әлемді жаулаппыз. Содан бері де талай қаһарлы хандар мен бәтуәлі билер, алпамыс батырлар өткен. Ұлыларын ұлықтаған текті-ақ елміз. Енді келіп неге бір елдің, тіпті о баста бір әйелдің қармағына түсіп қалғанбыз. Содан ғой отарлаудың оқпанында қалдық. Әйй, осы бізді құртқан алауыздық-ау, шамасы. Жік-жік болып бөліну... Осындай ойлардың оты осып жатқан жанымды... Таң қылаң беріпті. Үркер туған шақ. Кенет, күллі дүние құлағымның түбінде жалғыз рет жаңғырды. Айнала әлем-тапырық. Кей-і-н білдік қой. Киелі топырағымызға қуаттылығы 20 килотонна болатын жарылғышты тастай салыпты.Біздің облысымыздың өзінде-ақ 200 мыңнан астам тұрғын 100-ден 200-ге дейінгі рентген шамасында радиация алыпты. Аса күшті зарядты жарылыстар кезінде радиация мөлшері 300 рентгенге дейін жетіпті-міс. Соның салдарынан 1949-1963 жылдар аралығында 2 млн астам адам айықпас дертке ұшыраған жоқ па?! Сол оқиғадан кейін, радияция залалынан болар, жарымжан еліміз тіптен мылқау һәм көрсоқыр болып қалды. Тамырына соққан балтаны көрмеді. Ауырғанын айта алмады.

Сөйтіп жүріп ел ағасы болар шаққа жеттік. Жөңшек үлектей сол бір желтоқсанды көрдік. Ақ қар қызыл қанға боялды. Боздақтардың ыстық қаны сары мұзды ерітіп ақты. Азаттықтың гүлі көктеді сол боздақтардың бор сүйегіне. Етек жеңімізді жиып ел болғанда, құдайдың бергені-ай!.. Нұр патша көтерілді тұғырға. 1991 жылдың 29 тамызында бөркімізді аспанға аттық. «Семей сынақ ядролық полигонын жабу туралы» Президент Жарлығы шықты. Кейін мұны көптеген мемлекеттер қолдады. Ал Қазақстан осындай ірі жаһандық бастаманың көшбасшысы болды. ЯСЖТШ Халықаралық мәліметтер орталығының директоры Рэнди Бэлманды айтам...«Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қару мен оның сынақтарынан ада болған бейбіт әлемді жақтайды. Бүгінде Қазақстан - ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы және бұл бағытта орны ерекше мемлекет. Президенттеріңіз ядролық сынақты тыйым салуға арналған жалпы келісімге жеке басы көп күш жұмсады. Дәл осы Қазақстанның миссиясы арқылы мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын", - депті. Пәлі... Тамаша емес пе?!

Сондағы ерім еңірей жүріп, табалдырығы құйма алтын есікті қаққан-ды. Сондағы бір ұланымның сөзі еді...

ҚАЗЫБЕКТІҢ МОНОЛОГЫ

Мектеп партасындамыз. Алтын күнді аспанымызда қыранымыз қалықтап жүреді. Ғасырлар тоғысынан үш жыл ілгерілегенде Қазақстан кезекті бір жаһандық бастаманы қолға алды. Президент Н. Назарбаевтың бастамасы негізінде Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезі өтіп, оған ислам, христиандық, иудаизм, индуизма, буддизм, синтоизм, зороастризм секілді діндердің беделді өкілдері қатысты. Елбасының пікірінше,  мәдени-өркениеттік және діни әртүрлілікке саяси идеологиялық рең беруге шектеу қою қажет. Ері айтты, елі қолдады.

Тағы бір жаһандық жаңғырық. Қазіргі жаңа Қазақстан тарихындағы маңызды белестің бірі елдің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етуі болды. Еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының ұраны латынның төрт «T» әрпі болды: сенім (trust), дәстүр (tradition), транспаренттілік (transparency) және төзімділік (tolerance). Сенімге ие боп, дәстүрді дәріптеп, транспаренттілік ашықтығымызды көрсетіп, жаһандық бәсекеге төзімділікді таныттық. Отыз күн ойынға келген 38 мемлекеттің ойынан шықтық. Сол кезде Астана көшелерінде тыныштық пен тәртіп орнатылды. Қонақ келсе бөлмеден шықпай отыратын тәрбиелі үйдің балалары ретінде біз тысқа шықпай, үйде отырдық. Тамаша емес пе?!

Бөрісырғақ күнде буазыған айдың уыз нұрына жарыған ел перзентінің лебізі еді...

МӘҢГІБЕКТІҢ МОНОЛОГЫ

Университет дәрісханасында оқимыз. Мәңгілік елдікке келе жатқанбыз. Айдай әлемге жар салып, жаһанды жаңғырттық. Елордамызда «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі бой көтерді. Неге екенін, екі рет... Әлемнің 150 елінен миллиондаған қонақ келді. Көрмеміздің жеті кереметімен танысты. «Жасыл энергетиканы» жалау еткен ірі бастаманы электр энергиясы бар ауылдарымыздың тұрғындары теледидардан түгел тамашалады. Жаз маусымында жалаулаған көрме, үркер толғағы жүрер шақта тәмамдалды. Әлем сахнасында сан мәрте мерейімен көрініп жүрген, жілік майы толысқан мемлекетіміз бұл бастаманы да абыроймен алып шықты. Қазақстан жаһандық бастамалардың барлығында дерлік көшбасшылар қатарынан көрінеді. Көріне бермек. Алғаш сонау заманда, Түркі әскерінің Апа-Тарханы Тоныкөктің тасқа басқан тағылымында айтылып, беріде Алаш арыстарының арнасынан өтіп келіп, бейбіт еліміздің бөктерінде көктеген МӘҢГІЛІК-тің гүлі солмаса, тамаша емес пе?!

Оразай Жеңісұлы

Журналистика II  курс

Қазақ
× You found a Typo